«Каспий» футбол клубы македониялық қорғаушы Стефан Коцевпен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz

Бұл туралы ақтаулық клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ойыншы командасымен 2023 жылдың соңына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды.

Стефан Коцев мансабында 17 және 21 жасқа дейінгі Македония ұлттық құрамасында өнер көрсеткен. Transfermarkt порталы футболшының трансферлік құнын 200 мың еуроға бағалаған.