Ресейлік файтер Арман Царукян жерлесі Дамир Исмагуловпен қандай жағдайда реванш өткізетінін айтты, деп жазады Prosports.kz.

Келісімшарт бойынша UFC-де таңы бір жекпе-жек өткізуге мүмкіндігі бар Дамир Исмагулов Instagram парақшасында лига басшылары Дана Уайт және Шон Шелбиден, сондай-ақ өз менеджері Саят Әбдірахмановтан Арман Царукянмен реванш ұйымдастыруды сұрады.

Былтыр 17 желтоқсада өткен UFC Vegas 66 турнирінде Дамир қарсыласына төрешілер шешімімен есе жіберген.

Царукян Исмагуловқа «Үстелге 100 000 доллар қой да, реванш өткізуге мүмкіндік ал. Сенімен тағы бір жекпе-жек өткізудің маған ақшадан басқа пайдасы жоқ», деп жауап берді.

Айта кетейік, қазір Арман Царукян жеңіл салмақтағы UFC рейтингісінде 8-орында, ал Дамир Исмагулов 12-орында тұр.