Қазақстан чемпионатында көш бастап келе жатқан «Ақтөбенің» жаңа бас бапкері анықталды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Бес дүркін ел чемпионын 55-жастағы румындық маман Йоан Андоне жаттықтыратын болды. Бұл туралы румыниялық Dolce Sport порталы мәлімдейді. Келісімшарт маусым соңына дейін жасалды. 

Естеріңізге сала кетсек, Йоан Андоне осыдан екі жыл бұрын елордалық «Астананы» жаттықтырған болатын. Сондай-ақ, румындық маман арабиялық «Аль-Иттифака» мен кипрдің «Аполлон» командаларын баптаған.