Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) әлемнің үздік теннисшілері рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының финалына дейін жетуі нәтижесінде 15 сатыға көтеріліп, карьерасында алғаш рет әлемдік рейтингтің үздік ондығына енді. Юлия Путинцева үш сатыға көтеріліп, 44-орында тұр. Жібек Құламбаева 34 сатыға, Гозал Айнитдинова 79 сатыға көтерілді. Өткен маусымның екінші жартысынан бері өнер көрсетпеген Зарина Дияс бұрын жинаған ұпайларынан айырылып, қазір WTA рейтингінде жоқ.

Жұптық сында Анна Данилина 10 сатыға сөмендеп, 24-орында тұр. Ал Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының 1/8 финалына шыққаннан кейін 70 сатыға көтеріліп, 108-орынға тұрақтады.

Australian Open жеңімпазы беларусь өкілі Арина Соболенко бесінші орыннан екінші орынға, америкалық Коко Гауф алтыншы орынға көтерілді. Ресейлік Вероника Кудерметова топ-10 қатарынан шығып қалды, оның орнына Рыбакина көтерілді.

WTA рейтингі. 30 қаңтардағы орындар1 (0). Ига Свентек (Польша) – 104852 (+3). Арина Соболенко (Беларусь) – 61003 (-1). Онс Жабер (Тунис) – 52104 (-1). Джессика Пегула (АҚШ) – 50005 (-1). Каролин Гарсия (Франция) – 46456 (0). Коко Гауфф (АҚШ) – 39927 (-1). Мария Саккари (Грекия) – 38118 (0). Дарья Касаткина (Ресей) – 33809 (+1). Белинда Бенчич (Швейцария) – 290510. (+15). Елена Рыбакина (Қазақстан) – 281544 (+3). Юлия Путинцева (Қазақстан) – 1114449 (+34). Жібек Құламбаева (Қазақстан) – 102506(+79). Гозаль Айнитдинова (Қазақстан) – 82543. (-73). Анна Данилина (Қазақстан) – 701182 (0). Аружан Сағындықова (Қазақстан) – 7

Фото championat.com via Getty Images