Футзалдан Қазақстан чемпионатының кезекті турында «Астана» ақтаулық «Каспийді» ірі есеппен ұтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч 8:2 есебімен аяқталды.

Елордалық команда сапында Ахмед Борханов (дубль), Ақжол Дәрібай (дубль), Артем Аншаков (дубль), Олжас Тайбасаров гол соқты, тағы бірін «Каспий» ойыншысы өз қақпасына соғып алды.