«Ақсу» футбол клубы қазақстандық жартылай қорғаушы Рамазан Оразовпен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Рамазан «Қайраттың» тәрбиеленушісі. Алматылық команда құрамында 2018 жылы Қазақстан кубогын жеңіп алған. Сондай-ақ, Оразовтың қызметтік тізімінде «Даугавпилс», «Чайка» және «Ақтөбе» сияқты клубтар бар.2022 жылғы маусымда хавбек «Ақтөбе» үшін 22 матч өткізіп, клубқа КПЛ күміс медальдарын женуге, сондай-ақ УЕФА Конференция лигасына жолдама алуға көмектесті. Сондай-ақ, Рамазан өз ойынымен Ұлттар лигасында Қазақстан құрамасының құрамында айқын көрінді.

Рамазан ОразовТуған күні: 30 қаңтар 1998 жылАзаматтығы: ҚазақстанАмплуа: Жартылай қорғаушыБойы: 176 см