Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатында эйс жасаудан үздік атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Australian Open-2023 ұйымдастырушылары мәлім еткеніндей, Е.Рыбакина жарыс барысында 44 эйс жасап, көш бастады.

Чехиялық Каролина Плишкова 31 эйспен екінші орында, Е.Рыбакинаның финалдағы қарсыласы, Беларусь өкілі Арина Соболенко (29) үздік үштікті түйіндеп тұр.

Ерлер арасында 85 эйс жасаған америкалық Бен Шелтон бірінші орында тұр.

Елена Рыбакина мен Арина Соболенко арасындағы финалдық матч 28 қаңтар күні Астана уақытымен 14.30-да басталады.