«Алашкерт» футбол клубының бас бапкері Абраам Хашманян «Қайрат» әділетті жеңіске жеткенін мойындады, деп  хабарлайды «PROСПОРТ».

«Қайрат» ойын тұрғыда бізден әлдеқайда мықты болды. Ойыншылардың деңгейі жоғары екені көрініп тұрды. Бар күшімізді салдық, бірақ қарсылас команда мықты болып шықты. Екі гол соғатын мүмкіндігіміз болды, бірақ одан нәтиже шығара алмадық. Бізге қолдау көрсеткен жанкүйерлерімізден кешірім сұраймын», - деді армениялық клубтың бас бапкері.

 

«Қайрат» ФК ресми сайтынан*