Қазақстандық боксшылар Санжар Тәшкенбай мен Нұрсұлтан Алтынбек Таиландағы 22 жасқа дейін Азия чемпионатында топ жарды.

Санжар Тәшкенбай 48 келі салмақта өзбекстандық Шодиержон Меликузиевті жеңді. Ал Нұрсұлтан Алтынбек 54 келіде филиппиндік Флинт Джарадан басым түсті.