Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының матчында өз алаңында череповецтік «Северстальмен» ойнады, деп жазады Prosports.kz.

Матч басталмай тұрып, қазақстандық клуб Лиганың Шығыс конференциясының оныншы орнында, ал ресейлік клуб Батыста тоғызыншы қатарда болды.

Үш период пен қосымша уақытта командалар бір шайбы да соға алмады, барлығы буллитте шешіліп, ресейлік команда басым болды – 1:0.

27 қаңтарда Астанада «Барыс» Челябілік «Трактормен» кездеседі.

«Барыс» (Астана, Қазақстан) - «Северсталь» (Череповец, Ресей) 0:1 В (0:0, 0:0, 0:0, 0:0, 0:1)