«Астана» жартылай қорғаушысы Педру Эуженио жалақысын көбейтуін сұраған, басшылық оған көнбеген соң, командадан кетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Клуб көшбасшыларының бірі командадан кеткенін ресми түрде хабарлады.

Ойыншы өткен маусымда 18 гол соққаннан кейін Эуженионың өкілдері қазіргі жалақысын көбейтуді сұраған.

«Астана» ойыншы мен агенттерінің қаржылық талаптарын орындауға дайын болмады. Енді футболшы араб чемпионаттарының біріне ауысады.

«Астанаға» дейін Эуженио «Жетісу» мен «Таразда» сәтті ойнаған, оның алдында Болгария, Түркия және отанында өнер көрсетті. Өткен маусымда ҚПЛ үздік сұрмергені атанған еді.

Фото: fcastana.kz