Еуразиялық жауынгерлік промоушен ресми түрде OCTAGON 41 турнирінде аса жеңіл салмақта титулдық жекпе-жек өтетін хабарлады.

Чемпиондық белбеудің иегері Дамир Төленов әзербайжандық Рояль Лейлизадеге қарсы жекпе-жекке шығады. Қос спортшы арасындағы айқас желтоқсан айында өтуі керек еді, алайда ол кезде қазақстандық файтер жарақат алып қалды.