«Қайраттың» бомбардирі Жерар Гоу «Алашкертпен» өткен кездесу жайлы ойымен бөлісті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«3:0 есебі - керемет нәтиже. Сырт алаңдағы ойында да осындай нәтиже көрсетуге тырысамыз. Үш-ақ қана гол соққанымыз өкінішті. 5-6 гол соғатын мүмкіндіктеріміз болды. Қарсылас команданың қорғанысы мықты болғанымен біздің шабуылымыз одан да күштірек болып шықты», - деді Гоу.