«Қайрат» футбол клубының жартылай қорғаушысы Анатолий Тимощук армениялық «Алашкертпен» (3:0) өткен ойын жайлы айтып берді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

- Менің ойымша, әдемі жеңіске қол жеткіздік. Бірнеше гол соғатын мүмкіндіктеріміз болды. Әйтсе де, нәтижеге көңілім толды. Мақсатымыз бұрынғыдай – Еуропа лигасының топтық кезеңі шығу. Сол үшін қарымта кездесуге тыңғылықты дайындалып, жеңіске жетуге тырысамыз. 3:0 есебі бас бапкердің көңілінен шықты деп ойлаймын, - деді Тимощук.