«PROСПОРТ» хабарлауынша, мадридтік «Атлетико» ресми түрде колумбиялық шабуылшы Джексон Мартинесті сатып алды.
Бұл туралы мадридтік клубтың ресми сайтынан белгілі болды. Испаниялық команда «Портудың» 28-жастағы ойыншысын 35 миллион еуроға сатып алды. Колумбиялық ойыншы «Атлетикомен» төрт жылдық келісімшартқа қол қойды.
Португалия чемпионатында Мартинес 89 матч өткізіп, 67 гол соққан болатын.
Комментарии