Құрлықтық хоккей лигасының матчында астаналық «Барыс» сырт алаңда магнитогорскілік «Металлургпен» ойнады, деп жазады Prosports.kz.

Матч басталмай тұрып Қазақстандық клуб Шығыс конференциясында тоғызыншы орында болса, ресейлік клуб үшінші орында тұрды.

Бірінші кезеңде елордалықтар есеп ашса, екінші кезеңде алаң иелері есесін қайтарды. Үшінші кезеңде шайбы соғылған жоқ. Ал овертаймда ресейлік клуб басым түсті – 2:1.

25 қаңтарда «Барыс» өз алаңында «Череповец Северсталь» командасын қабылдайды.

«Металлург» (Магнитогорск, Ресей) – «Барыс» (Астана, Қазақстан) 2:1 ОТ (0:1, 1:0, 0:0, 1:0)