Қазақстандық боксшы Абзал Серік Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

67 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Серік жартылай финалда Камбоджа боксшысы Пенх Вантхунг төрешілер шешімімен жеңді.

Осылайша, Абзал Серік турнирдің финалына жолдама алды. Бұған дейін ақтық сынған Санжар Ташкенбай (48 келі), Нұрсұлтан Алтынбек (54 келі) және Махмуд Сабырхан (57 келі) өткен болатын.