Минскілік «Динамоның» ойыншысы Артур Едигарян УЕФА Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңі аясындағы «Қайрат» - «Алашкерт» кездесуі жайлы өз пікірін айтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Алашкерт» - жақсы команда. Олардың сапында техникалық тұрғыда мықты, тәжірибелі ойыншылар ойнайды. «Қайратқа» оңай болмайтыны анық. Дегенменде, алматылық ұжымның шабуылы мықты, сондықтан «Қайрат» бұл кездесудің фавориті», - деді алматылық клубтың бұрынғы ойыншысы.