«Ақтөбе» ФК-ның бас бапкері Владимир Газзаев «PROСПОРТ» тілшісіне оның орнынан босатылуы туралы ақпаратты растаудан бас тартты.

Телефонды көтергеннен кейін, Газзаев қолы тимей жатқанын айтып, ұзақ сөйлесе алмайтынын жеткізді.

Ақтөбеліктердің басшылығы оның орнынан босатылуы туралы арызына қол қойған-қоймағанын сұрағанымызда Владимир Валерьевич терең тыныс алып, «Ештеңе айта алмаймын» деді де, тұтқаны қоя салды.

Естеріңізге сала кетсек, ресейлік маман осы маусымда «Ақтөбемен» бірге ҚПЛ-де бір де бір жеңіліске ұшараған жоқ, тек «Астанаға» (0:2) қарсы кубоктық ойында және «Нымме Кальюмен» (0:1) өткен Еуропа лигасы бірінші іріктеу кезеңінде ұтылып қалған болатын. Газзаев орнынан кеткеннен кейін «Ақтөбе» Премьер-лигада  «Ертістен» (0:1) жеңіліп қалды.