Еуразиялық жекпе-жек промоушеннің мерейтойлық OCTAGON 40 турнирі өтетін күн мен орны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ұйымның негізін қалаушы және президенті Нұраддин Садықов Алматыда өткен O39 кешінің соңында келесі турнир 5 ақпанда Бішкекте өтетінін хабарлады.

Қырғызстанда өтетін турнирдің негізгі жекпе-жегінде промоушеннің жартылай жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы Шермұрат Қалилов (5-0) өнер көрсетеді, оның қарсыласы бразилиялық Лукас Бенто (7-3) болады.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

Турнирдің ресми серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы