Қазақстан құрамасының шабуылшысы Айбар Жақсылықов «Тобыл» футбол клубынан кетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жақсылықов «Тобыл» сапындағы алғашқы кездесуін 2022 жылы 2 наурызда Қазақстан Суперкубогында «Қайратқа» қарсы ойында өткізді.

Форвард қостанайлық клуб сапында жалпы 32 кездесуге қатысып, 7 гол соқты.