Қазақстан құрамасы Лейк-Плэсидтегі (АҚШ) Универсиадада 11 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Алтын»: Вадим Куралес, Бекентай Тұрлыбеков (биатлон), Данил Васильев (трамплиннен секіру)

«Күміс»: Александр Мухин (биатлон), аралас эстафета, ерлер эстафетасы (шорт-трек), Данил Васильев және Сергей Ткаченко (трамплиннен секіру)

«Қола»: Хоккейден Қазақстан құрамасы, әйелдер эстафетасы, Ксения Шалыгина (шаңғы жарысы), Александр Мухин (биатлон)

Қазақстан жалпыкомандалық бейресми медальдық есепте 11-орын алды.

Жапония құрамасы 48 медаль алды (21 алтын медаль), екінші орында Корея спортшылары (29 медаль, 12 алтын), үшінші орынды 13 медаль иеленген Канада құрамасы (6 алтын) алды.