Англия чемпионатының 21-турында «Арсенал» өз алаңында «Манчестер Юнайтедті» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойын 3:2 есебімен аяқталды.

«Арсенал» 50 ұпаймен АПЛ-дың турнирлік кестесінде бірінші орында тұр. Лондондық команда екінші орындағы «Манчестер Ситиден» 5 ұпай ұзап кетті. Оның үстіне «Арсенал» манчестерлік командадан бір ойын кем өткізген.

Ал МЮ 39 ұпаймен төртінші орынға жайғасқан.

АПЛ. 21- тур

Арсенал – Манчестер Юнайтед – 3:2 (1:1)

Гол соққандар: Нкетиа (24', 90'), Сака 53' Рэшфорд 24', Мартинес 59'