Таиланд астанасы Бангкок қаласында өтіп жатқан бокстан 22 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық Гүлсая Ержан финалға шықты.

Гүлсая Ержан жартылай финалда непалдық Триша Джебегумен жекпе-жекке шықты. Жекпе-жекте қазақстандық боксшының басымдығы байқалып тұрды. Нәтижесінде төрешілер шешімімен ол финалға жолдама алды.