Тәртіптік бақылау комитетінің отырысында «Шахтер» мен «Қайрат» командаларына жанкүйерлерінің тәртіпсіздігі үшін  айыппұл салынды, деп хабарлайды «PROСПОРТ»
 
Премьер-Лига
ХIХ тур
«Шахтер»- «Қайрат»
«Шахтер» футбол клубына жанкүйерлердің стадионда былапыт сөздерді айқайлағаны үшін «600 000 (алты жүз мың) теңге» көлемінде айыппұл салу.
«Қайрат» футбол клубына жанкүйерлердің стадионда пиротехникалық заттарды қолданғаны үшін «150 000 (жүз елу мың) теңге» көлемінде айыппұл салу.
 
 XX тур
«Тобыл» - «Астана»
«Тобыл» футбол клубына ойыншыларының тәртіпсіздігі үшін (6 ойыншының ескерту алуы) 150 000 (жүз елу мың) теңге көлемінде айыппұл салу.
 
Бірінші Лига
2015 жылдың 30 маусым күні өткен Тәртіптік бақылау комитетінің шешімін қайта қарап, «Спартак» футбол клубының ойыншысы Константин Задорожныйға 3 матчтан тұратын жазаның түрін келесі тәртіп бойынша орындау қабылданды: алдыңғы екі матч - нақты ойынға қатыспау, соңғы  матч - алты ай сынақ мерзіміндегі шартты жаза.
 
XIII тур
«Байқоңыр» - «Каспий»
«Байқоңыр» футбол клубына ойыншыларының тәртіпсіздігі үшін (5 ойыншының ескерту алуы) 150 000 (жүз елу мың) теңге көлемінде айыппұл салу.
 «Екібастұз» - «Спартак»
«Екібастұз» футбол клубына ойыншыларының тәртіпсіздігі үшін (5 ойыншының ескерту алуы) 150 000 (жүз елу мың) теңге көлемінде айыппұл салу.
 
Дубль құрамалары арасындағы турнир
ХIХ тур
 «Тараз» - «Жетісу»
«Тараз» командасының ойыншысы Мадияр Нұралыны қарсыластың ойыншысын  әдейі ұрғаны үшін (ойын тоқтап тұрған кезде)  3 матчқа ойыннан шеттету. М.Нұралының ойынға қатысу құқығын 2015 жылдың 29 маусымынан бастап айыруды белгілеу.
 
 
ХХ тур
«Оқжетпес» - «Тараз»
«Тараз» командасының ойыншысы Марат Тоғызбайды бас төрешіге  айтқан былапыт сөздері үшін жеті матчқа ойыннан шеттету.
 
«Атырау» - «Ертіс»
«Атырау» командасының ойыншысы Бақтияр Ғабдоллинді дөрекі ойнағыны үшін (қарсыластың доппен ойнауына қысым көрсету) екі матчқа ойыннан шеттету.