Алматыда OCTAGON 39 турнирі бастапқы кардының үшінші жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы тәжікстандық Сомон Хакимжонзода (2-0) мен қазақстандық Бабур Маймақов (2-0) кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үш раунд бойы файтерлер тартысты жекпе-жек өткізіп, қазақстандық спортшы төрешілер шешімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, кештің басты жекпе-жегінде аса жеңіл салмақта әлі жеңілмеген екі файтер – қазақстандық Азат «Қазақ» Мақсұм (15-0) мен бразилиялық Фабрисио Нуньес күш сынасады.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі.

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы.