OCTAGON 39 кешінде жеңіл салмақта кездесу өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстанның екі өкілі күш сынасты – Айдос Айнабеков (дебют) пен Еламан Ақнұрланұлы (1-0).

Айнабеков бұл жекпе-жекте басым болып, үшінші раундта дебютанттың бірнеше соққысынан кейін төреші кездесуді тоқтатты.

Айта кетейік, кештің басты жекпе-жегінде аса жеңіл салмақта әлі жеңілмеген екі файтер – қазақстандық Азат «Қазақ» Мақсұм (15-0) мен бразилиялық Фабрисио Нуньес күш сынасады.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі.

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы.