Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында басталған OCTAGON 39 турнирінің алғашқы жекпе-жегі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әйелдер арасында аса жеңіл салмақта кәсіпқой ММА-дегі дебютін өткізген қазақстандық Антонина Котляровская әзербайжандық Гунель Амирбакованы (1-2) 38 секунд ішінде жеңді.

Айта кетейік, кештің басты жекпе-жегінде аса жеңіл салмақта әлі жеңілмеген екі файтер – қазақстандық Азат «Қазақ» Мақсұм (15-0) мен бразилиялық Фабрисио Нуньес күш сынасады.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі.

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы.