«Астана» хорватиялық шабуылшы Марин Томасовпен келісімшартын ұзартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Томасов астаналықтар сапында 6 жыл қатарынан ойнап келеді: 190 ойын өткізіп, 90 гол соғып, 75 нәтижелі пас беріп, клуб тарихындағы ең нәтижелі ойыншы атанды.

Хорватиялық шабуылшымен келісім бір жылға ұзартылды.