Белгілі аргентиналық футболшы кәсіби мансабын аяқтау туралы шешімге келді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Canchellana порталына сүйенсек, 35-жастағы жартылай қорғаушы жарақатына байланысты үлкен спортпен қош айтысты.

Естеріңізге сала кетсек, Паблоның соңғы клубы «Ривер Плейт» болатын. Бұған дейін футболшы «Валенсия», «Сарагоса» мен «Бенфикада» ойнаған.

Айта кетер жайт, Аймар екі дүркін Испания чемпионы және УЕФА кубогының иегері.