Антесельвада биатлоннан Әлем кубогы кезеңінде әйелдер арасында 7,5 шақырымдық спринт жарысы аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Спринтте екі қазақстандық биатлоншы өнер көрсетті. Анастасия Кондратьева мәреге 88, Людмила Ахатова 89-болып жетті. Үздік 60 биатлоншы қатысатын із кесу жарысына екі спортшы да өте алмады.

Әлем кубогы кезеңі. Биатлон. Спринт. Әйелдер. 7.5 км1. Доротея Вирер (Италия) – 20:59.6 (0+0)2. Анаис Шевалье-Буше (Франция) + 2.8 (0+0)3. Эльвира Эберг (Швеция) +8.7 (0+0)…88. Анастасия Кондратьева (Қазақстан) +3:55.2 (1+0)89. Людмила Ахатова (Қазақстан) +4:17.2 (2+0)

Фото: biathlon_kaz