FaZe Clan ұйымының өкілдері Ховард rain Найгард BLAST Premier: Spring Groups 2023 турнирінде командамен өнер көрсетпейтінін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Клубтың хабарлауынша, команданың бапкері Роберт RobbaN Дальстрем де құрамның алғашқы матчтарын өткізіп алады.

BLAST Premier: Spring Groups 2023 турнирі 19-29 қаңтар аралығында өтеді. 12 команда 177 498 долларын сарапқа салады.