«Барселонада» доп тебетін Аргентина құрамасының ойынысы Маскерано мансабын Аппенин түбегінде жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Италияндық «Рома» футбол клубы каталондық команданың қорғаушысы Хавьер Маскераноны өз қатарынан көргісі келеді. 31-жастағы футболшының қазіргі құны 10,5 миллион фунтты құрайды. Ал «Барселонамен» келісімшарты тек 2018 жылы ғана аяқталады.