Қазақстандық биатлоншы Бекентай Тұрлыбеков Лейк-Плэсидте өтіп жатқан қысқы Универсиадада 10 шақырымдық спринт жарысында алтын медаль алды, деп хабарлайды Prosports.kz.Америкалық биатлоншы Бьорн Уэстервелт күміс жүлдегер атанды. Үшінші орын тағы бір қазақстандық спортшв Александр Мухинге бұйырды.

Биатлон. Универсиада. Лейк-Плэсид. Ерлер. Спринт. 10 км.

1. Бекентай Тұрлыбеков (Қазақстан) — 27:51.5 (0+0)2. Бьорн Уэстервелт (АҚШ) — +8.3 (1+1)3. Александр Мухин (Қазақстан) — +22.2 (0+2)...4. Кирилл Бауэр (Қазақстан) - +39.3 (1+0)5. Вадим Куралес (Қазақстан) - +43.7 (1+1)