Лейк-Плэсидте (АҚШ) өтіп жатқан 2023 жылғы Универсиадада хоккейден Қазақстан жастар құрамасы АҚШ құрамасынан ірі жеңіліс тапты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан АҚШ құрамасынан 1:4 есебімен ұтылды. Жеңімпаздар Мэтт Хайнволл (1-ші және 25-ші минуттар), Майкл МакХесни (20-шы) және Куинн Грин (29-шы) шайбы соқты. Қазақстан құрамасы сапында жалғыз голды Батырлан Мұратов (5-ші) соқты.

Осылайша Қазақстан құрамасы Универсиададағы хоккей турниріндегі алғашқы жеңілісіне ұшырады. Бұған дейін жерлестеріміз Оңтүстік Корея (5:1), Венгрия (9:1), Ұлыбритания (15:1) және Словакия (4:0) құрамаларын жеңген еді.