Алматылық «Қайраттың» украиндық ойыншысы Анатолий Тимощук бүгінгі өткен баспасөз-мәслихатында жаңа командасы жайлы айтып берді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Қайрат» сапында мықты ойыншылар ойнайды. Мұндай футболшылармен алға қойған мақсатқа жетуге болады. Яғни, Еуропа Лигасының топтық кезеңіне шығуымыз керек. Сонымен қатар, алматылық ұжым балалар футболына көп көңіл бөледі. Бұл өте дұрыс бағыт. Өзбасым бас бапкердің үмітін ақтауға бар күшімді саламын.   

Алматының Орталық стадионындағы алғашқы кездесуім есімде. Украина мен Қазақстан арасындағы ойын болатын. Ол кезде ауыр жеңіске қол жеткіздік. Ертең де біз үшін өте маңызды ойын. «Алашкертке» қарсы матчқа көп жанкүйерлер келеді деген үміттемін», - деді донецкілік «Шахтер», питерлік «Зенит» пен мюнхендік «Баварияның» бұрынғы ойыншысы.  

 

sport.nur.kz сайтынан*