Қазақстан әйелдер құрамасы Марокко астанасы Рабатта мылтықпен атудан әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Құрамында Зоя Кравченко (Шымкент), Әсем Орынбай (Алматы облысы) және Адель Садақбаева (Астана) бар Қазақстан құрамасы финалдық буллитте АҚШ құрамасын жеңіп, скит бойынша жеңіске жетті.

Мароккодағы әлем чемпионатының кезеңі – рейтингтік турнир, онда жиналған ұпайлар 2024 жылы Парижде өтетін XXXIII Жазғы Олимпиада ойындарына қатысу мүмкіндігін арттыруға мүмкіндік береді.