«Тобыл» түлегі Роман Асранкулов қостанайлық командамен жаңа келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа келісімшарт жыл аяғына дейін есептелген.

Асранкулов алғаш рет ҚПЛ-да 2020 жылы наурызда «Шахтерге» қарсы ойнады. Өткен маусымда қостанайлық қорғаушы 14 кездесуге қатысып, екі нәтижелі пас берді.