Ресейлік қақпашы Мирослав Лобанцев «Ақтөбе» ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.27 жастағы қақпашы өз елінде «Крылья Советов» (Самара), «Ротор» (Волгоград) сынды клубтарда өнер көрсеткен.2020 жылғы маусымда ол петропавлдық «Қызыл-Жарға» ауысып, сонда үш жыл доп тепті. Команда сапында УЕФА Конференция лигасының іріктеуіне қатысты.