Аустралияда жыл сайынғы «Даун Андер Туры» көпкүндік веложарысы басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Астананың» италиялық шабандозы Джанни Москон жекелей жарыста 37-орын алды.

EF Education-EasyPost командасының өкілі Альберто Беттиоль мәреге бірінші болып жетті. Екінші, үшінші орын Магнус Шеффилд (Ineos Grenadiers) пен Юлиус Граунгаард Йохансенге (Intermarché - Circus – Wanty) бұйырды.Даун Андер туры. Пролог. 5,5 км. Аделаида- Аделаида. 1. Альберто Беттиоль (EF Education-EasyPost) - 52.2432. Магнус Шеффилд (Ineos Grenadiers) + 0:083. Юлиус Граунгаард Йохансен (Intermarché - Circus – Wanty) +0:10…37. Джанни Москон («Астана») +0:26