Қазақстандық теннисші Александр Бублик Australian Open турнирінің екінші айналымына өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Отандасымыз бірінші айналымда әлемнің 32-ракеткасы испаниялық Алехандро Давидович Фокинамен бес сет бойы бақ сынасып, жеңіліске ұшырады.

3 сағат 16 минутқа созылған аса тартысты кездесу 6:0, 6:7 (3:7), 3:6, 6:4, 6:3 есебімен аяқталды.