Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші айналымда Елена италиялық теннисші Элизабетта Кочареттоны 7:5, 6:3 есебімен жеңді.

Екінші айналымда отандасымыз бүгін франциялық Селена Яничиевичті жеңген Словения өкілі Кайя Йуванмен кездеседі. Аталған кездесу 18 қаңтарда өтеді.