16 қаңтардан 17 қаңтарға қараған түні Қазақстан құрамасы Лейк-Плэсидте өтіп жатқан 2023 жылғы Универсиаданың хоккей турниріндегі төртінші ойынын өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ғалым Мәмбеталиев шәкірттері Словакия құрамасымен кездеседі.

Қос құрама да үш реттен жеңіске жетті және әлі жеңілген жоқ, сондықтан алдағы кездесу аса маңызды болмақ, өйткені жеңімпаз В тобында жеке-дара көш бастайды.

Тағы бір айта кетерлігі, 2019 жылы Красноярскіде өткен Универсиаданың жартылай финалында Қазақстан құрамасы дәл осы Славакияға есе жіберген. Енді сол есені қайтаруға мүмкіндік туып тұр.

Cheel Arena-да өтетін Қазақстан – Словакия матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 03:30-да басталады. Ойынды FISU.tv сайтынан мына СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады. Сондай-ақ FISU TV мобильді қосымшасы арқы Android, Apple TV, IPhone, Roku, Android TV және Fire TV платформасында қолжетімді (екі жағдайда да порталда немесе қосымшада тіркелу қажет болады).