«Алашкерт» футбол клубының бас бапкері Абраам Хашманянның «Қайратқа» қарсы матч алдында тілшілердің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
 
- Ойынға тыңғылықты дайындалудамыз. Ертең әдемі ойын көрсетуге тырысамыз, - деді Хашманян.
 
- «Алашкерт» ертеңгі ойыннан қандай нәтиже күтеді?
 
- Міндетті түрде келесі  кезеңге өту мақсаты қойылған жоқ. Бастысы әдемі ойын көрсету. 
 
- «Қайрат» туралы не айта аласыз?
 
- Қарсыламыз өте мықты команда. «Қайрат» бұл кездесудің фавориті.