16 қаңтарда астаналық «Барыс» өз айдынындановосибирскілік «Сибирьмен» кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Сибирь» «Автомобилист», «Авангард», «Ақ Барс» клубтарын жеңіп, бес матч қатарынан ұпай жинап келеді. Осының арқасында команда Шығыс конференциясында екінші орынға көтерілді. Андрей Мартемьянов шәкірттері бұл қарқынды жалғастырып, турнир кестесінде жоғарғы орын алуға тырысады.

Ал «Барысқа» жеңіске жету қажет, өйткені олар өз айдынында өткен кездесулердің екеуінде жеңіліп, плей-офф аймағынан 3 ұпайға қалып қойды. Андрей Скабелка командасы үшін тұрақты маусымның қорытынды бөлігіндегі күнтізбесі қиын болады - әр ойында нәтижеге жету керек.

«Барыс» - «Сибирь» матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен 19:20-да басталады. Ойынды Qazsport, КХЛ ТВ және KHL Prime телеарналары көрсетеді. Интернетте кездесуді мына СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады.

Фото hcbarys.kz