Алғашқы «Үлкен дулыға» турнирі – Аустралия ашық чемпионаты 16 қаңтар күні басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, ертең қазақстандықтардан бірінші болып Елена Рыбакина кортқа шығады.
Рыбакина алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингіде 67-орында тұрған италиялық Элизабета Коччареттомен шеберлік байқасады.
Қарсыластар өзара 2017 жылы жасөспірімдер US Open турнирінде кездесіп, Рыбакина 6:4, 6:0 есебімен жеңіске жеткен еді.
Аустралия ашық чемпионатын ұйымдастырушылар Уимблдон чемпионы Елена Рыбакинаның матчын шеттегі 13-кортқа қойған. Белгілі журналист Бен Ротенберг бұл шешімді сынады.
Комментарии