«Астана» футболшылары Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына кірісті, деп хабарлайды Prosports.kz елордалық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Түркияда оқу-жаттығу жиыны басталды. Команда Анталияда жүйелі жаттығуларды бастады», - деп жазылған клубтың Instagram парақшасында.

Еске салайық, Қазақстан Премьер-Лигасының өткен маусымында «Астана» тарихта жетінші рет ел чемпионы атанды.