Prosports.kz назарларыңызға Қазақстан уақыты бойынша 15 қаңтар күні таңертең Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өткен UFC Vegas 67 турнирі аясында өткен жекпе-жектердің ең үздік сәттерінің бейнежазбасын ұсынады.

Жарыстың негізгі кездесуінде жартылай ауыр салмақтағы америкалық Шот Стрикленд Франция атынан шыққан дағыстандық файтер Насрудин Имавовты төрешілер шешімімен жеңді.