«Манчестер Ситидің» 29 жастағы қорғаушысы Александр Коларов «қалалықтар» сапында қалып, негізгі құрам үшін күресуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Сербиялық қорғаушыны ағылшын Премьер-лигасының бірнеше клубы мен италиялық «Милан» өз қатарына қоспақ болған, алайда Коларов командасын ауыстырмай, мансабын «Манчестер Ситиде» жалғастыра беруді жөн деп шешіпті.

Өткен маусымда сербиялық ойыншы манчестерлік клуб сапында 30 матч өткізіп, екі гол соққын және үш нәтижелі пас берген.