Бас бапкер Антонио Конте жартылай қорғаушы Лукас Моура маусымның соңында «Тоттенхэмнен» еркін агент ретінде кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

- Бұл клубтың шешімі, оның келісімшарты ұзартылмайды. Осы маусым Лукас үшін қиын болды. Маусымға дайындалған кезде Лукас біз үшін маңызды ойыншы болды», - деп келтіреді Контенің сөзін журналист Фабрицио Романо Твиттерде.

Моура «Тоттенхэмге» 2018 жылы франциялық «Пари Сен-Жермен» командасынан ауысты. Бразилиялық жартылай қорғаушы «Тоттенхэм» сапында 213 матч өткізіп, 38 гол соғып, 27 нәтижелі пас берді. Осы маусымда 30 жастағы футболшы 11 матч өткізіп, нәтижелі әрекеттермен көзге түспеді.